Tuesday, September 26

Оқу-әдістемелік бірлестік

бір немесе бірнеше жақын профиль қызметіндегі оқытушылардың бірлестігі.

Оқытушылар, ең алдымен:

– пән бойынша жеке әдістерді әзірлеу;

– өзекті тақырыптар бойынша оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тәсілдерін, әдістерін, формаларын талқылау сияқты әдістемелік жұмыстармен айналысады.

Әдістемелік бірлестік жұмысының мақсаты: білімнің сапасын қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа және үздік дәстүрлі үлгілерін енгізу, өзара кәсіби байланыс, тәжірибе алмасу, ортақ көзқарастарды, өлшемдерді, стандарттарды және білім беру қызметінің нәтижелерін бағалау үшін талаптарды әзірлеу.

Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:

– бірлестіктің отырыстары;

– өзекті мәселелерді талқылау;

– жаңа ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді шолу;

– конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдерді дайындау және өткізу;

– оқытушылардың әдістемелік оқулары;

– оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.

Әдістемелік бірлестік:

– білім беру процесінің нәтижелерін талдауды жүргізеді;

– білім беру бағдарламаларының және оқу курстарының мазмұнын және құрылымын өзгерту бойынша ұсынымдар жасайды;

–  қызметкерлерді аттестаттау бойынша ұсынымдар жасайды;

– оқытушылар мен студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларды дайындау бойынша шешім қабылдайды;

– оқытушыларға арналған нұсқауларды әзірлейді және оларды пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

– студенттерге арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлейді;

– оқытушыларға арналған жұмыс семинарлар жұмысын ұйымдастырады;

– зерттеу және эксперименттік жұмыстар мазмұнын әзерлеу және ұйымдастыруға қатысады.