Sunday, November 18

«Оқу процесіне модульді-құзыреттілікті тәсіл негізіндегі ТжКББ-ге өзектендірілген үлгілік оқу жоспарларын енгізудің ерекшеліктері» Республикалық семинар

Құрметті әріптестер!

2018 жылдың 27 сәуір айында Теміртау жоғарғы политехникалық колледжіне қарасты «Химиялық өндіріс» бейіні бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі «Оқу процесіне модульді-құзыреттілікті  тәсіл негізіндегі ТжКББ-ге өзектендірілген үлгілік оқу жоспарларын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша Республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты оқу процесін ұйымдастыру мен жаңартылған үлгілік оқу жоспарларын іске асыру бойынша өзекті мәселелерді  анықтау болып табылады. Практикалық бөлімнің барысында  осы мәселелер бойынша оқу орындарының іс-тәжірибесі талқыланатын болады.

Семинарға қатысуға  химиялық бейін бойынша жетекші мамандар даярлайтын колледждердің өкілдері (оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пәндер оқытушылары), жұмыс берушілер шақырылады.

Семинарға ТЕАҚ «Холдинг «Кәсіпқордан», сонымен қатар ЗТҰ

« Химиялық өндірістің Қазақстандық одағы» ЗТҰ  мамандар қатысады.

Сіздерден, оқу орындарынан семинарға қатысушылардың кандидатураларын берулеріңізді және алдын ала қарастыруға семинардың тақырыбы бойынша өзекті мәселелерді жіберулеріңізді сұраймыз.

Ақпаратты 10.04.2018ж. дейін жіберіңіздер email: rumoxim@mail.ru, tem-polit@krg-edu.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.