Friday, September 21

«Болашақ кәсіби кадрларды даярлаудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері мен оқытушыларына арналған On-line режимінде өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның

ҚР БжҒМ және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басшылығы бекіткен республикалық оқу әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы, Қапланбек аграрлық – техникалық колледжінде «Болашақ кәсіби кадрларды даярлаудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

Ғылыми – практикалық конференцияның мақсаты:

1513000 – «Ветеринария» және 1512000 – «Зоотехния» мамандықтары бойынша Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің кәсіби шеберліктерін дамытып, ғылыми-ізденіс жұмыстарына баулу арқылы білімдерін тереңдету, сапалы маман даярлау, білім сапасын арттыру және ақпарат беруге дағдыландыру.

Конференция 4 секцияда жүргізілді:

  1. Ветеринария
  2. Зоотехния
  3. Агрономия
  4. Фермер ісі

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқандар: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Өзбекстан Республикасы Қыбрай ауылшаруашылық колледжі, Өзбекстан Республикасы Кенсай кәсіптік аграрлық және бизнес колледжі,   республикадағы 1513000 – «Ветеринария» және 1512000 – «Зоотехния» мамандықтары бойынша 19 республикалық колледж оқытушылары мен студенттері, колледждің әлеуметтік серіктестіктерінің өкілдері, зооветеринариялық арнайы және жалпы кәсіптік пәндер  кафедраларының оқытушылары.

Ғылыми – практикалық конференцияны колледж директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Қанжігітов Еркімбек Қаныбекұлы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бойынша өзкізілген конференцияда 2018 жыл Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан жылына орай ынтымақтастық аясындағы іс-шаралар мазмұнына, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ергашева Раушан Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру саласындағы жетістіктеріне, Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңалықтарға және өңірлік байқауларға тоқталып өтті. «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ басқарма төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында сапалы білім беру Қазақстан дамуының негізі болуы қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кіріктірілген жаңа білім бағдарламалары жасалынып, енгізіліп жатқандығы туралы пікір білдірді. Өзбекстан Республикасы Қыбрай ауылшаруашылығы және Кенсай кәсіптік аграрлық және бизнес колледждерінің директорлары Ш.К.Мусурманов пен Б.Х.Ачиловтар Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан тың өзгерістерге және колледждердің материалдық – техникалық базаларының жоғарғы деңгейде жабдықталғандығын тілге тиек етті.

On-line режимінде өткізілген оқытушылар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жұмыстары отырысында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша Қапланбек аграрлық – техникалық колледжі МКҚК 1513000 – «Ветеринария» және 1512000 – «Зоотехния» мамандықтары бойынша Республикалық оқу – әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары А.Ж.Нурмышев және директордың әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары И.Е.Аширбаев, оқу әдістемелік бірлестігінің әдіскері Ү.Ө.Амирханова конференцияға қатысушылардың тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс – жүзінде қолдана алғандығын айтып өтті.

Ғылыми – практикалық конференция барысында ұсынылған ғылыми жұмыстар сараланып, жинаққа енгізіліп, баспадан шығарылуы туралы қаулы қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.