Friday, September 21

«Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» тақырыбында республикалық конференция

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК 2018 жылдың 24 сәуірінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ  және Шығыс-Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен «Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.

Конференция шеңберінде келесідей тақырыптарда панелді пікірталастар өткізіледі:

  • Білім беру процесіндегі ақпараттық технологиялар;
  • Еңбек нарығының қажеттіліктері есебінен білім берудің сапасын көтеру, ТжКББ мазмұнын жаңарту;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Конференция техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялаудың жағдайын қарастыру мақсатында өткізіледі. Модульдік және кредиттік-модульдік оқыту технологияларының  енгізу, қолданбалы бакалавр біліктілігі, «Электронды журнал» бағдарламасы бойынша білім беру процесін автоматтандыру, сонымен қатар сабақ өткізу барысында цифрлық технологияларды қолдану және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру сұрақтары қарастырылмақ.

Конференция жұмысына Алматы, Тараз, Талдықорған, Зырян, Серебрянск, Қостанай, Балқаш, Ақтаудың оқу орындарынан оқытушылар келіп қатысады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.