Friday, September 21

«Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» тақырыбында республикалық конференция бойынша ақпарат

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК 2018 жылдың 24 сәуірінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Шығыс-Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен «Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

Конференция шеңберінде келесідей тақырыптарда панелді пікірталастар өткізілді:

– Білім беру процесіндегі ақпараттық технологиялар;

– Еңбек нарығының қажеттіліктері есебінен білім берудің сапасын көтеру, ТжКББ мазмұнын жаңарту;

– Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Конференция техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялаудың жағдайын қарастыру мақсатында өткізілді. Модульдік және кредиттік-модульдік оқыту технологияларын енгізу, қолданбалы бакалавр біліктілігі, «Электронды журнал» бағдарламасы бойынша білім беру процесін автоматтандыру, сонымен қатар сабақ өткізу барысында цифрлық технологияларды қолдану және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру сұрақтары қарастырылды.

Конференция жұмысына Алматы, Тараз, Талдықорған, Зырян, Серебрянск, Қостанай, Балқаш, Ақтаудың оқу орындарынан оқытушылар келіп қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданып, онда конференция қатысушыларының шешімі анықталды:

  1. «Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» республикалық конференциясы жалпы жұмысының нәтижесін Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің электрондық өзара әрекеттестігі үшін біріңғай ақпараттық-құқықтық кеңістігін жасау жолындағы маңызды және мәнді қадамы ретінде мақұлданды.
  2. Ғылыми қауымдастықтың назарын кәсіпорындар мен ұйымдардың құрған ақпараттық жүйелері және ақпараттық технологиялары сапасының мәселелеріне,  сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігін енгізу үшін нормативтік-құқықтық базасын жасау орынды деп есептелсін.

Конференцияға қатысушылардың мақалалары негізінде электронды жинақ шығарылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.