Wednesday, February 21

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» 2008 жылдың 3 қазандағы № 552 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» 2008 жылдың 3 қазандағы № 552 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылдың 23 қыркүйектегі № 572 бұйрығы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының, мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуының талаптарын есепке ала отырып техникалық-кәсіптік білімінің мазмұнын жаңарту және үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын әзірлеушілерге әдістемелік көмек көрсету бөлімін орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» 2008 жылдың 3 қазандағы № 552 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізімін (бұдан әрі – тізім) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Е.Ғ.Жүнісов):

1) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына және республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары назарына жеткізсін;

2) берілген тізімді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтына орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі                       Е. Сағадиев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *