Tuesday, September 26

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 29 қарашадағы

№ 583 бұйрығымен бекітілді

 

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
және жүзеге асыру қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 Осы оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес инфрақұрылымдарда және білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмысты басқаруды және координациялауды жүзеге асыру үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 5 бабының 25) тармағына сай әзірленген.

  1. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
  2. Қағидаларда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:

оқу-әдістемелік жұмыс — бұл білім алушының білім, тәрбие және дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материал объектілерімен білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;

әдіскер — оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындайтын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері;

әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;

білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;

оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) – білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

әдістемелік кабинет – ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі;

оқу-әдістемелік бірлестіктер – әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі.

  1. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сәйкес инфрақұрылымда және білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жаңғырту, ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Оқу-әдістемелік жұмыстың тапсырмаларына:

білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

білім беру процесінің қолданыстағы және жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын және үлгілерін әзірлеу, енгізу және жаңғырту;

педагогтың шығармашылық ой-өрісін дамыту, пеагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, педагог ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жатады.

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты басқару:

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттеріне;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының облыстық (қалалық) білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттеріне;

жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы заңнамаларына, мемлекеттік жаллпыға міндетті стандарттарға және осы Қағидаларға сай жүргізіледі.

 

 

  1. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны

 

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстарына төмендегі бағыттар жатады:

1) ғылымның теориялық, әдістемелік негіздерін, педагогика және психология жетістіктерін, ой-өрісті құрайтын тиімді әдістерді, өзіндік жұмыс жасаудың дағдысын және икемділігін, танып-білу мен ақыл-ой белсенділігін дамытатын өзіндік танымды меңгеру;

2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;

3) мектептен тыс, сыныптан тыс пәндік және тәрбие жұмыстарының, оқытудың әртүрлі үлгілері мен әдістерін зерттеу және шығармашылық меңгеру;

4) үздік, жаңашыл тәжірибемен танысу және оларды, менеджменттің, инновацияның прогрессивті ойларымен және функцияларымен шығармашылық пайдалану;

5) оқу-тәрбие процестерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі үлгілерін дайындау және жүргізу мен білім беру ұйымының педагогтарына практикалық көмек көрсету;

6) оқыту сапасын, оқу жетістігінің деңгейін, білім алушының тәрбиесін сараптамалау;

7) педагогикалық қызметкерлердің және оларға тең адамдардың аттестация процесіне қатысу;

8) әдістемелік құралдарды әзірлеу.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; оқушылардың білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
7) мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік шебершілік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстарына төмендегі бағыттар жатады:

1) нормативтік құқықтық құжаттарды, жоғары оқу орындарының мамандықтар классификаторын, мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдарды енгізу;

2) оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды және оқыту жүйесінің автоматты бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін, ақпараттық-кітапханалық жүйесін енгізу;

3) жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу, үлгілік оқу бағдарламаларының жобасын дайындауға қатысу;

4) оқулықтарды, оқу-әдістемелер кешенін, оқу-әдістемелік құралдарды, сонымен қатар электрондық құралдарда және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

5) педагогикалық тәжірибені және білім беруді ақпараттандыруды жинақтандыру және тарату бойынша іс-шараларды жүргізу;

6) оқытудың дикактикалық-әдістемелік, оқу-материалдық құралдарды әзірлеу және енгізу;

7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және енгізу;

8) жақын мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын унификациялау бойынша ұсынымдарды енгізу;

9) мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарттарының талаптарын есепке ала отырып жұмыс оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспараларын сараптамалау;

10) білім алушының ағымдық үлгеріміне оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға әсер етуді талдау;

11) білім алушының үлгерісін бақылаудың әртүрлі үлгілерін және тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптамадан өткізу;

12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және әдістемелік құрастырулармен қамтамасыз етуге мониторинг жасау;

13) білім алушының өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

14) оқулықтардың сапасына, оқу-әдістеме кешеніне және оқу-әдістемелік құралдарға талдау жүргізу;

15) білім алушының оқу үлгерімінің деңгейін, оқыту сапасын талдау;

16) оқу-әдістемілік жұмысты жетілдіру бойынша жиналыстарды, семинарларды және конференцияларды ұйымдастыру және жүргізу;

17) кәсіп, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерді есепке ала отырып жыл сайын білім контингентін құру бойынша әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын әзірлеу;

18) дайындықтың қолданыстағы және табысты бағыттары бойынша мамандыққа деген сұранысты болжамдау үшін мәліметтер базасын құру мақсатында маркетинг зерттеулерін ұйымдастыру;

19) білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін түлектерді жұмысқа орналастыру және ары қарай оқыту бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу (мамандықтарға деген сұранысты зерттеу, түлектерге сауалнама жүргізу, өндіріст орындарымен байланыс, түлектерді орналастыру картасын құру, түлектер жәрмеңкесін ұйымдастыру);

20) өңір және жалпы мемлекет бойынша демографиялық, экономикалық және салалық жағдайларды есепке ала отырып білім беру процесін болашақ жоспарды ұйымдастыру;

21) оқытудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде оқыту бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

 

 

  1. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі

 

 

  1. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.
  2. Құрылымдық бөлімшелер оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты осы Қағидалардың негізінде және білім беру ұйымдарының жарғысында қарастырылған тәртіппен бекітілген ереженің негізінде жүзеге асырады.
  3. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері санын мамандықтардың санына қарай, жоғары оқу орнының мамандануына, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай білім беру ұйымының кеңесі белгілейтін әдіскерлер болып табылады.
  1. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:

1) кафедралардың, бөлімдердің, факультеттердің, институттардың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;

2) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық) кеңестердің қарауы үшін ұсынымдар беру;

3) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;

4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.

  1. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
    Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібін және қызметін, құрамы мен өкілеттілігін білім беру ұйымының кеңесі анықтайды.
  2. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік және циклдік комиссиялар, кафедралар, озық тәжірибелі мектептер, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер, практикалық сабақтар және конференциялар болып табылады.
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында пәндік әдістемелік және циклдік комиссиялар үш арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары, мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлері болған жағдайда құрылады.

Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кафедралар кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша үш оқытушылар болған жағдайда құрылады.

Әдістемелік комиссияны құру үшін оқытушылар саны жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының басшылығы бірнеше аудандардың, қалалардың бірнеше білім беру ұйымдарындағы тиісті пәндердің (мамандықтары, кәсібі) педагог қызметкерлерін біріктіретін комиссияның жұмысына қатыстыруды ұйымдастыруы қажет.

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға басшылықты өндірістік оқытудың шеберлері мен аса тәжірибелі оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар, орта білімнен кейінгі ұйымдарда – кафедра меңгерушілері жүзеге асырады. Кафедралардың, әдістемелік комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердің ғылыми және педагог қызметкерлері, кәсіпорындардың мамандары тартылады.
  2. Оқу-әдістемелік құжаттама білім беру ұйымдарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, әдістемелік комиссиясында білім беру орындарының, құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, оқу орны басшысының, басшысының оқу ісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары бекітеді.
  3. Білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, факультеттердің, бөлімдердің) тиісті әдістемелік комиссияларында, кафедраларда, кеңестерде, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде қаралатын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындыны алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
  4. Оқу жұмыс бағдарламасын және сабақ жоспарларын оқытушылар типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірлейді, ол білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және білім беру ұйымы басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.
  5. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды білім беру ұйымдарының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияның, кафедраның, оқу орындарының, құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінде қаралып, оң пікірлер берілген соң, оқу орны басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.
  6. Облыстық (қалалық) білім департаментінің әдістемелік кабинеттері техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі ұйымдардың және оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді.

 

 

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестіктер

 

  1. Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысты білім беру үдерісі субъектілерінің мүддесін Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес құрылған және қызмет ететін бірлестік таныта алады.
  1. Оқу-әдістемелік бірлестіктер еркін бастама негізінде салалық (мамандықтар топтары, пәндер) белгілеріне қарай құрылады. Оның құрамына білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері кіреді.
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, 1-4 сынып мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, мектеп-интернаттары үшін құрылады. Отырыс тоқсанына бір рет немесе қажет болған жағдайда өткізіледі.
  3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарда әдістемелік бірлестіктері мектепте бір пәннен бойынша кемінде 3 мұғалім болған жағдайда құрылады.
  4. Аудандық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, бастауыш, сыныптар мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттарын, мектеп кітапханашылары үшін отырыстарын жылына екі-үш рет өткізуге құрылады.
  5. Сыныптары біріккен шағын мектептер бар болған жағдайда ауданда осы сыныптар мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері құрылады.
  6. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша диагностика жүйесінің, талдаудың, бақылаудың және дифференцация міндеттері нәтижелері негізінде бір жылға құрылады және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
  7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарында әдістемелік бірлестікті шығармашылық жұмыс жасайтын, жетік дайындалған педагогтардың ішінен 1 жыл мерзімге сайланған (тағайындалған) басшы басқарады. Мектепаралық ұйымдарда басшы аудандық (қалалық) білім беру ұйыммен тағайындалады.
  8. Әдістемелік жұмыстарды тікелей басқаруды келісілген пәндермен және олардың қызмет бағыттарын әдістемелік бірлестіктің басшылары және басшының орынбасары жүзеге асырады.
  9. Әдістемелік бірлестіктің жұмысын басқару және үйлестіру үшін педагогикалық кеңестің жұмысының мазмұнын қайталамайтын әдістемелік кеңес құрылуы мүмкін.
  10. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер салалық белгілері бойынша құрылады және келесі бағыттар бойынша қызметті:

1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды әзірлеуді, типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар және электрондық оқулықтарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуді;

2) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

3) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

4) оқу үрдісін ақпараттандыру және білімді бақылау, қазіргі заманғы технологиямен оқытуды енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеу;

5) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстардың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау жүзеге асырады;

6) білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру тәжірибесін жалпылау, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлігі, үздік дипломдық жобалар және курстық жұмыстарға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

7) білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың республикадағы, ТМД елдеріндегі және алыс шетелдегі туысқан мамандықтар мен кәсіптер бойынша стажировкадан өтуі және халықаралық, республикалық конференцияларға қатысу үшін ұсынымдар енгізу;

8) жастар және жұмыссыз тұрғындар арасында насихаттау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

9) фильмдермен және қазіргі заманғы білім беру құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, педагогикалық білім беру құралдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді бағалау жайы туралы талдамалы материалдар дайындауға қатысу;

10) колледж базасында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі мамандар біліктілігін көтеру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;

11) мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру бағдарламаларында ақпараттық банк құру.

 

  1. Оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінде кепілдік сипат бар және ол барлық білім беру ұйымдарына – мамандық бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшелеріне жеткізіледі.
  2. Оқу-әдістемелік бірлестіктің қызметін оқу-әдістемелік кеңес бекіткен Төраға басқарады. Оқу-әдістемелік бірлестіктің Төрағасы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысын бағыт береді және ұйымдастырады.
  3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және атқару үшін оқу-әдістемелік секциялар құрылады