Thursday, December 14

Жұмыс жоспары

Жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы «22» ақпанда № 77

бұйрығымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жоспары

 

Жұмыс бағыты Орындау мерзімі Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар
1. Ұйымдастыру іс-шаралары
1 1.  Оқу-әдістемелік бірлестіктің (бұдан әрі – ОӘБ) жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру бойынша кеңесті жүргізу;

2. ОӘБ қарамағындағы мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ТжКБ) оқу-әдістемелік жұмысын координациялау және өзара байланыстыруды жүзеге асыру;

3. ОӘБ жұмыс жоспары жобасын талқылау.

2017 жыл 1 тоқсаны отырыс хаттамасы, келісім парақтары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі – ҚР БҒМ ТжКБД), «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ), облыстардың, Астана және Алматы ққ. Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттері, ОӘБ өкілдері
2 Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – РОӘК) жұмысын, яғни конференцияны/кеңесті online режимде ұйымдастыру және ҚР ТжКБ беру ұйымдарының ОӘБ web-платфомасын құру. 2017 жыл тоқсан сайын отырыс хаттамасы, web-платформа ҚР БҒМ ТжКБД, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы ққ. Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттері, ОӘБ өкілдері, РОӘК.
3 ҚР ТжКБ жүйесі қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін және басқа да құжаттарға өзгерістер мен қосымшаларды енгізу бойынша ұсынымдарды әзірлеуге қатысу. 2017 жыл ішінде ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп ҚР БҒМ ТжКБД, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ,облыстардың, Астана және Алматы ққ. Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттері,ОӘБ өкілдері, РОӘК, колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері
4  ТжКБ беру ұйымдарының РОӘБ алдындағы отырыстың хаттамалық тапсырмаларын орындау туралы апаратты дайындау. 2017 жыл ішінде Ақпарат, есеп, анықтама ҚР БҒМ ТжКБД,»Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, РОӘК
2. Оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ)
5 ҚР ТжКБ беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу құралдарымен және электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету сараптамасы:

1) колледждердің инженер-педагог қызметкерлерінің оқу әдебиеттері (бұдан әрі –ОӘ) мен оқу-әдістемелік құралдарын (бұдан әрі – ОӘҚ) әзірлеу мониорингы;

2) ОӘ мен ОӘҚ сараптама жүргізу үшін ОӘБ мүшелерінен сарапшылардың мәліметтер бащасын құру;

3) жалпы қолданыс үшін ОӘ мен ОӘҚ электрондық құралын құру;

4) мемлекеттік тілде сұранысқа ие мамандықтар бойынша ОӘ мен ОӘҚ әзірлеу үшін авторлар тобын құру;

5) шетелдік серіктестермен бірге басып шығару сұрақтарын қарастыру;

6) ТжКБ беру ұйымдарында «Күнделік» автоматты ақпараттық жүйені енгізу сұрақтарын қарастыру.

2017 жыл 2 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы ққ. Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттері, ОӘБ өкілдері
6 Деңгейлі білім беру интеграциясын есепке ала отырып модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспаралы мен бағдарламаларын өзектендіру:

1) үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының макетін қарастыру;

2) жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын талдау;

3) ТжКБ мамандықтары бойынша жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізуге қатысу.

2017 жыл 3 тоқсан Есептер «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері.
7 1. мектеп, орта білімнен кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім бағдарламаларын үйлестіру үшін оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқыту процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды талқылау (өткен пәндерді есепке алу жүйесі);

2. ТжКБ жүйесінің оқу процесіне кредиттік технологияны енгізу тәжірибесін талдау.

2017 жыл тоқсан сайын  Есептер «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ
8 Курстық дайындық үшін модульдік бағдарламалардың мәліметтер базасын құру. 2017 жыл 2 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ
9 Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде Холдингтің әзірлеген жаңа білім беру бағдарламаларын колледждерге енгізуді талқылау. 2017 жыл 3 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ҚР колледждері, облыстардың, Астана және Алматы ққ. Білім басқармалары
3. Оқытушылар құрамының сапасын арттыру
10 ТжКБ беру ұйымдары басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа үлгідегі курсын талқылау. 2017 жыл 1 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп ҚР БҒМ ТжКБД, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, РОӘК, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері
11  10 базалық колледждерде «Кәсіби ағылшын тілі» пәнінің сағат санын арттыру бойынша ұсынымдарды талқылау (эксперимент негізінде). 2017 жыл 2 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп ҚР БҒМ ТжКБД,»Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, РОӘК, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері
12 «Баршаға тегін ТжКБ енгізу» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жаңа білім беру бағдарламаларын оқыту әдісі бойынша инженер-педагог қызметкерлерін оқыту курсын ұйымдастыру туралы. 2017 жыл ішінде ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері, РОӘК
13 Өңірлер бойынша ТжКБ беру ұйымдарының педагог құрамының біліктілігін арттыру курстарының тиімділігіне мониторинг жасау. 2017 жыл 4 тоқсан ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп ҚР БҒМ ТжКБД, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, РОӘК, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері
4. Бағалау жүйесі
14 1. ТжКБ беру ұйымдарының саралау әдістемесін талқылау;

2. 2015-2016 оқу жылы нәтижесі бойынша ТжКБ беру ұйымдарының мемлекеттік аттестация нәтижелері туралы;

3. Халықаралық аттестациядан өтуге қолдау көрсету;

4. ТжКБ беру ұйымдарының педагог құрамы мен студенттерінің оқу жетістігін бағалаудың критерилі жүйесін құру.

2017 жыл ішінде ОӘБ отырысының хаттамасы, ақпарат пен есеп ҚР БҒМ ТжКБД,»Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері, РОӘК
5. Бизнес-қоғамдастығымен қарым-қатынас
15 Бизнес-қоғамдастығымен қарым-қатынас сұрақтарын талқылау:

1) оқытудың дуалды жүйесін енгізу тәжірибесін талдау;

2) әрбір колледжде Индустриалды Кеңесті құру және енгізу;

3) мамандарға деген сұранысты жобалауға мониторинг жасау;

4) студенттер білімін бағалаудың скрининг жүйесін енгізу (жұмыс берушілер тарапынан студенттерді тестілеу және сұхбат өткізу);

5) бизнестің колледждерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысу;

6) сенімгерлік басқаруға ТжКБ беру ұйымдарын беру сұрақтарын қарастыру.

2017 жыл ішінде Отырыс хаттамасы, есептік ақпарат, ұсынымдар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, ОӘБ өкілдері, Колледждердің өңірлік Директорлар кеңесінің өкілдері, РОӘК